фулстек-әзірлеуші · Астана

Фронтенд, бэкенд, дерекқор және деплой — бір қолда. Төрт жыл коммерциялық әзірлеу, нақты домендік логикасы бар B2B-платформалар.

02

Не істеймін

Бағаны қысқа әңгімеден кейін талқылаймыз.
шұғыл
әдетте
Лендинг, шақыру-сайт
шұғыл1 апта
әдетте2 апта
Корпоративтік сайт
шұғыл2–3 апта
әдетте1–1,5 ай
Бэкенді бар веб-платформа
шұғылталқыланады
әдетте1,5 айдан
03

Жоба калькуляторы

Керегін белгілеңіз — параметрлер хабарламамен бірге жіберіледі, мен мерзімі мен бағасын айтамын.

Не жасаймыз
6
Тілдер
Тағы не керек
Дизайн
Шұғылдығы

Мастер замков

лендинг · өз клиентім

Астанадағы жеке құлып шеберінің Google Ads жарнамасына арналған сайты: бірінші экранда қоңырау батырмасы, бағалар мен кеңестері бар «Не болды?» блогы, SEO-мақалалар. Өз клиентім үшін толық жоба.

Vue 3ViteSEO
сайтты ашу ↗

Profintegrity

лендинг · заң қызметтері

EurasianTech клиентінің тапсырысы, жалғыз әзірледім: Figma макеті бойынша вёрстка, үш тіл, өтінімдер Telegram-ға.

Vue 3vue-i18nCloudflare Workers
сайтты ашу ↗

Fortech Industry

корпоративтік сайт · металлургия

EurasianTech клиентінің тапсырысы, жалғыз әзірледім: десктоп пен мобильдіге арналған Figma макеті бойынша вёрстка, бейімделгіш типографика, SVG-графика.

Vue 3FigmaSVG
сайтты ашу ↗

Antiplagiat

2023–2024 · Global Aeon

Плагиатты тексеру жүйесі: нөлден әзірлеу, командадағы негізгі рөл, код ревьюі.

ҰБТ-ға дайындық

магистрлік диссертация · AITU

Машиналық оқыту элементтері бар ҰБТ-ға дайындық платформасы: тапсырмаларды талдау және әлсіз тақырыптар бойынша ұсыныстар.

Bastion Development

корпоративтік сайт · құрылыс

EurasianTech клиентінің тапсырысы, жалғыз әзірледім: секциялардың пайда болу анимациясы, курсор соңындағы жарық, GitHub Actions арқылы автодеплой.

Vue 3ViteCI/CD

Тойға шақыру сайттары

жеке жобалар

Үш тіл, RSVP Google Sheets-ке, хабарламалар Telegram-ботқа.

Ayirbasta

2022–2023

Бартер маркетплейсі: чат, офферлер, картада жақын маңдағы ұсыныстар.

05

Бүкіл вертикальға бір мердігер

Бұл технологиялар тізімі емес — цикл: әр қабат жұмысты келесіге береді.

  1. 01
    Фронтенд
    Vue 3 · Nuxt 3 · React · Remix · TypeScript

    Интерфейс, CSS-токендердегі жеке дизайн-жүйе, SEO үшін SSR.

  2. 02
    Бэкенд
    Node.js · Golang · FastAPI

    API, домендік логика, төлем және сыртқы сервистермен интеграция.

  3. 03
    Дерекқор
    PostgreSQL · MongoDB

    Схема, миграциялар, тапсырмаға сай гибридті қоймалар.

  4. 04
    Деплой
    Docker · Nginx · GitHub Actions · GitLab CI/CD

    CI/CD, сервер баптауы, қолмен қадамсыз продакшен.

макет → интерфейс → API → дерекқор → продакшен. Бір қол, мердігерлер арасында нөл беріліс.

06

Жұмыс қалай өтеді

Бес қадам. Әр қадамда нәтижені көріп, бағытты түзете аласыз.

  1. Бриф

    1–2 күн

    Қоңырау шалып, тапсырманы, мысалдар мен шектеулерді талқылаймыз. Көлем мен мерзімді бекітемін.

  2. Макет

    3–7 күн

    Негізгі экрандардың құрылымы мен дизайны. Код басталғанға дейін түзетулер.

  3. Әзірлеу

    көлеміне қарай

    Итерациямен жинап, аралық нұсқаларды тест мекенжайында көрсетемін.

  4. Іске қосу

    1 күн

    Домен, хостинг, телефондарда тексеру. Қолжетімділік пен репозиторийді беремін.

  5. Қолдау

    бір ай тегін

    Іске қосқаннан кейінгі қателерді түзетемін, әрі қарай — келісім бойынша.

07

Мен туралы

Менің атым — Асанәлі. Төрт компанияда төрт жыл коммерциялық әзірлеу — стартаптардан нақты домендік логикасы бар B2B-платформаларға дейін.

тәжірибе
4 жыл
білім
AITU, магистратура 2024–2026
тілдер
қазақ · орыс · ағылшын · түрік
08

Сұрақтар

Нәтиже ұнамаса ше?

Жұмыс итерациямен жүреді: макет, аралық нұсқалар, әр қадамда түзетулер. Өнімді құрастырылу барысында көресіз — соңында сюрприз болмайды.

Тапсырғаннан кейін код кімдікі?

Сіздікі. Тапсыру мен төлемнен кейін репозиторийді, қолжетімдіктер мен құжаттаманы беремін.

Іске қосқаннан кейін қолдау бар ма?

Иә. Алғашқы ай қателерді түзету тегін, әрі қарай — келісім бойынша.

Құн қалай есептеледі?

Қысқа әңгімеден кейін жұмыс көлемі бойынша. Стартқа дейін бекітілген сома, жасырын қосымша төлемсіз.

Бастау үшін менен не керек?

Тапсырманы өз сөзіңізбен сипаттау және ұнайтын мысалдар. Мәтіндерді, құрылымды және макетті бірге жинаймыз.

09

Жобаны талқылайық

Ең жылдамы — Telegram-ға жазу. Сол күні жауап беремін.

Asanali · Астана2026 · конструкторсыз жасалған